Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің алғашқы постерін жариялады

Режиссер Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында "Томирис" тарихи фильмінің алғашқы постерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Режиссер Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында "Томирис" тарихи фильмінің алғашқы постерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сатаев өзінің парақшасына жазылғандардан ұнаған екі нұсқаның біреуін таңдауын сұрады. "Достар сіздердің пікірлеріңіз қажет - сіздердің ойыңызша мына екі нұсқаның қайсысы біздің "Томирис" фильміне дәл келеді?", - деп жазды ол. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, фильм біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда болған оқиғаларды баяндайды. "Томирис" атты тарихи жобаны Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірлесіп түсіріп жатыр. Киностудияның мәліметінше, бұл картинада ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы баяндалады. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады. Басты рөлде 28 жастағы Альмира Тұрсын ойнайды. Бұл оның бірінші рөлі. Массовкаға 600 адам қатысқан. Фильмнің премьерасы мамырға жоспарланған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама