АҚШ киноакадемиясы "Оскар" сыйлығына жаңа номинация енгізді

Камила Долаева Журналист

Америкалық киноакадемияның басқарушылар кеңесі "Оскар" сыйлығына "Үздік танымал фильм" номинациясын қосуды қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды IndieWire интернет порталы.

"Танымал кинодағы ерен еңбек үшін жаңа категория шығарамыз. Таңдау және басқа да талаптар бойынша кейінірек хабарлаймыз", - делінген Академия басшыларының хаттамасында. 

Жаңа категориядан бөлек, киноакадемия марапаттау рәсіміне де бірқатар өзгерістен енгізеді деп хабарланды. Ендігіде танымалдығы аз категориялар телеарнада тікелей эфирде көрсетілмейтін болады. Бұл эфирдегі салтанатты рәсім уақытын азайтады. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 92-ші марапаттау рәсімі өзге кинопремиялардан алға шығу үшін, хабарланғандай 2020 жылы 23 ақпанда емес, 9 ақпанда өтеді. Ал 91-ші марапаттау рәсімінің уақыты сол қалпында қалады. Ол 2019 жылы 23 ақпанда Лос-Анджелестегі  Dolby театрында болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама