Арнольд Шварценеггердің жас кезін сомдайтын актер анықталды

© instagram.com/calumvonmoger

А?Ш-та Халы?аралы? бодибилдинг федерациясыны? ?йымдастырушылары мен "Мистер Олимпия" конкурсыны? негізін ?ала?андарды? ?мірі туралы "Больше" (Bigger) биографиялы? фильміні? т?сірілім ж?мыстары басталды, - деп хабарлайды L!FE.

АҚШ-та Халықаралық бодибилдинг федерациясының ұйымдастырушылары мен "Мистер Олимпия" конкурсының негізін қалағандардың өмірі туралы "Больше" (Bigger) биографиялық фильмінің түсірілім жұмыстары басталды, - деп хабарлайды L!FE.

Лентада конкурста жеті рет жеңімпаз атанған жас Арнольд Шварценеггердің оқиғасы да көрсетіледі. Фильм режиссері Джо Галло "темір Арниді" сомдайтын спортшыны да тауып қойыпты. Ол - "Мистер Вселенная-2014" титулының иегері, Instagram желісінде екі миллион жанкүйері бар - Калум фон Могер.

Калум Аустралияның Виктория қалашығында дүниеге келген. 27 жастағы спортшы бала кезінде өте арық болған, сондықтан ағасымен бірге жаттығу жасайтын болған. 

Реклама
Реклама

Фильмде Джо Вейдердің рөлінде Тайлер Хеклин, ал ағасы Беннің рөлінде Анайрин Барнард ойнайды. 

Фильм продюсерлері Стив Ли Джонс пен Скотт Ластайти. Алайда картинаның премьерасы қашанға жоспарланғаны әзірше белгісіз.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама