25 сәуір 2017 | 10:42

"Атамекен" фильмі Третьяков галереясында көрсетіледі

"Атамекен" көркем фильмі. © "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтың "Атамекен" көркем фильмі көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтың "Атамекен" көркем фильмі көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес дәуірінің үздік фильмдерінің бірі "Оттепель: лицом к будущему" фильмі мұражай аралық фестивалдің "Война окончена" бағдарламасының шеңберінде көрсетіледі. Фестиваль ұйымдастырушылары: А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің Мемлекеттік мұражайы (ГМИИ), Мемлекеттік Третьяков галереясы (ГТГ), Мәскеу мұражайы және Горький паркі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Атамекен" фильмінің көрсетілімі 2017 жылдың 26 сәуірінде сағат 19:00-де Третьяков галереясының Инженер корпусында болады (Лаврушинский, 12).

"Атамекен" фильмінің оқиға желісі екінші дүниежүзілік соғысынан бір жыл өткеннен кейінгі уақытты баяндайды. Фильмнің басты кейіпкерлері  - ата мен немере - соғыста қайтыс болған баласының сүйегін тауып, туған жеріне алып келу үшін пойызбен Ресейге аттанады. Сценарийді Олжас Сүлейменов жазған.

 Соғыстың біткеніне бір жыл болғанда қария сарбаз ұлының денесін Ленинград түбіндегі ауыл зиратынан алып, қазақ даласында жерлеу үшін немересімен бірге жолға шығады. Алайда молаға жеткен олар сарбаздың соғыстағы жолдастарымен бір қабірде жатқанын біледі. Сонда ата мен немере оны мазаламауды ұйғарады. Өйткені ортақ қайғы ерлікпен шейіт болған сарбаздарды мәңгіге туыс қылды. Біздің Отанымыздың әрбір жері сарбаздар үшін атамекен болып қала бермек.

Шәкен Аймановтың естелігінен: "Біздің фильм көрерменге ой салу үшін, өзі дамыта алуы мақсатында түсірілген. Кейіпкерлер туған жерінен өтіп, адамдармен танысып, соғыстың кесірінен қираған орыс жерін көрсету маңызды емес. Біз үшін, қарияның фильмнің соңында әлемге, адамдарға деген көзқарасының өзгергенін көрсету маңызды болды". ("Шәкен Айманов. О себе, о своем искусстве", Мәскеу, 1974 г.)

"Атамекен" фильмі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ҚСР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1968 ж.). Фильмдегі басты рөлді сомдаған Елубай Өмірзақов та Мемлекеттік сыйлықты иемденді. Сондай-ақ, фильмге Мурат Ахмадиев, Юрий Померанцев, Әмина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева және тағы басқалар түскен.

"Война окончена" бағдарламасының шеңберінде кеңес және батыс Еуропаның фильмдері көрсетіледі, олардың арасында: "Германия, год нулевой" Роберто Росселлини (Италия, 1947), "Крест за отвагу" Казимежа Куца (Польша, 1959), Александр Алов пен Владимир Наумов "Мир входящему" (СССР / РСФСР, 1961), "Никто не хотел умирать" Витаутас Жалакявичус (СССР / Литва, 1965), "Холодные дни" Андраш Ковач (Венгрия, 1966), "Два Федора" Марлен Хуциев (СССР/Украина, 1985 г.), "Безумие" Кальё Кийск (СССР / Эстония, 1968) және тағы басқалар.

Сонымен қатар, "жылымық" кезеңінің мәдениетіне, сәулетіне, өнеріне және соғыссыз әлемге арналған деректі фильмдердің көрсетілімі өткізіледі. Фестивальдің шеңберінде Мәскеудің әр түрлі мәдени алаңдарында лекциялар, дөңгелек үстелдер, сурет және фотография көрмелері, және де концерттер мен поэзия оқулары өтеді.

Айта кетейік, фильмнің режиссері - Шәкен Айманов, сценарий авторы - Олжас Сүлейменов, операторы - Мұрат Айманов, суретшісі - Құлахмет Қожықов және композиторы - Еркеғали Рахмадиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная