"Ауылдан қашу" фильмі жалғасын тапты

© comode.kz

"Ауылдан қашу" фильмі жалғасын тапты, - деп жазады comode.kz порталы.

Порталдың мәліметінше, бұл хикаяның бірнеше маусымын түсірген режиссер әрі актер Нұртас Адамбаев биыл сол телехикаяның жалғасы ретінде толықметражды фильм түсіріп жатыр. Айта кетейік, Нұртас Адамбаев "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" атты романтикалық жаңа комедияның түсірілімі кезіндегі бірнеше кадрды Instagram желісіне салып үлгерді.

Реклама
Реклама

"Басты рөлдерде сол баяғы актерлардың тізімі қайталанатын болады. Бірақ басты әйелдің рөлін жұрт күткен Айнұр Илясова емес, Аружан Жазылбекова сомдайды", - делінген жарияланымда.

Романтикаға толы комедияның тұсаукесері күзде болып, кинотеатрлардан көрсетіле бастайды. "Сабина келін" фильміне 300 мың доллар жұмсаған Нұртас, бұл жолы одан да көбірек ақша жұмсайтынын мәлімдеген болатын. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама