"Айка" фильмінің режиссері: "Актриса үшін қуаныштымын"
Режиссер Сергей Дворцевой "Айка" драмасының "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің шорт-листіне өтуін "үлкен тосын сый" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Режиссер Сергей Дворцевой "Айка" драмасының "Шетелдік үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесінің шорт-листіне өтуін "үлкен тосын сый" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
"Мен киноға кеше келген жоқпын, сондықтан дауыс берудің болжанатын дүние емес екенін білемін, әрине, мен күткен жоқпын, бұл бір үлкен тосын сый. Ол жерде тағы мынадай нәрсе бар, біз оскарлық кампанияны кеш бастадық және біздің картинаны көпшілік көрмейді деп қауіптендік. Бірақ көріп үлгерді, бағасын да беріп үлгерді. Бұл әрине, зор жетістік және мен фильм үшін, осы фильмді жасаған ұжым үшін, басты рольде ойнаған актриса үшін қатты қуаныштымын… Қуаныштымын, әрине, мен қатты қуаныштымын", - деді Дворцевой.
Режиссердің айтуынша, ол номинацияда жеңемін деп үміттеніп отыр және мүмкіншіліктерін өте жоғары бағалайды. "Мүмкіндік әрине бар, себебі ең алдымен картина өзінше мықты, ол күшті. Қандай таңдау болады, оны да білмеймін, картинаның күштілігіне байланысты, әрине. Оның ол жерде болуы кездейсоқтық емес", - деді картинаның режиссері.
Сергей Дворцевой ресейлік әрі қазақстандық кинорежиссер. Ол "Ника" жүлдесінің және Каан кинофестивалінің лауреаты.
"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды. Драмадағы басты рольде петропавлдық Самал Еслямова ойнады. Ол биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде "Үздік әйел ролі" номинациясы бойынша жеңімпаз болды.