25 қазан 2016 18:27

Баян Мақсатқызы "Қазақ Аруы" атты конкурсы жайлы фильм түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақ Аруы" байқауы. © Оспан Әли "Қазақ Аруы" байқауы. © Оспан Әли

"Қазақ Аруы" сұлулар пен дарындар конкурсы жайлы фильм түсіріледі. Бұл туралы конкурстың бас продюсері Баян Мақсатқызы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қазақ Аруы" сұлулар пен дарындар конкурсы жайлы фильм түсіріледі. Бұл туралы конкурстың бас продюсері Баян Мақсатқызы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалғасы

"Ең абыройлы "Қазақ Аруы" сұлулық байқауы жайлы алты сериядан тұратын фильм түсіріледі. Елдің ең басты сұлуының рөлінде кім ойнайды? Таяуда кастинг. Ал біздің компанияда жаңа жоба және жаңа үміт", - деп жазды ол.

"Қазақ Аруы" байқауы Қазақстанды алты жылдан бері өтіп келеді. Байқау жыл сайын наурызда өтеді. Жобаға қатысушылар қазақ тілін жетік білуі тиіс, қазақ халқының әдебиеті, тарихы және салт-дәстүрі салаларында білімі болуы керек. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, барлық қатысушылар зияткерлік жағынан ғана емес, шашы ұзын әрі сұлу болуы керек. "Қазақ Аруы-2016" титулы Атырау облысының намысын қорғаған Альмира Ахатовада. Әр жылдары бұл конкурста Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергеновалар жеңімпаз атанған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети