Берік Айтжанов пен Аша Матай ойнайтын "16 қыз" фильмінің трейлері шықты

Берік Айтжанов

Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" атты романтикалық комедиясы 3 наурыз күні прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинада басты рольдерде Берік Айтжанов, Аша Матай мен Әнуар Нұрпейісов ойнайды. 2014 жылдың тамызында басталған түсірілім жұмыстары Алматы, Баянауыл, сонымен қатар, Астана мен Қарағандыда өтті.

Реклама
Реклама

"16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жігіттің оқиғасын баяндайды. Бас кейіпкердің ата-анасы балаларына қалыңдық іздейді. Бауыржан болса махаббатпен үйленгісі келеді. Ал оның таңдауы Айжан басқа адаммен атастырылып қойған. Әкесінің көңілін қалдырғысы келмеген қыз сүйіктісінен бас тартады.

Фильмнің сценарий авторлары - Қанағат Мұстафин мен Жанат Қасбеков, ал продюсер - Айдархан Әділбаев.


Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама