ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2020 | 07:56
"Борат-2" трейлері шықты. Қазақстанда фильмге тыйым салына ма?
Amazon Prime Video сервисі YouTube желісіне "Борат-2" комедиясының бірінші трейлерін жариялады. Фильмде басты рольде британиялық комик Саша Барон Коэн ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Amazon Prime Video сервисі YouTube желісіне "Борат-2" комедиясының бірінші трейлерін жариялады. Фильмде басты рольде британиялық комик Саша Барон Коэн ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент саулауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясымен қолға скороводка алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.
Фильм премьерасы 2020 жылғы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болады.
Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған. Егер екінші фильмді кинотеатрлардан көрсетпесе, тыйым сала алмайды.
"Егер фильмді тек интернетте көрсетсе, біз ештеңе істей алмаймыз - министрлік мұны реттемейді. Біз тек кинотеатрлардан көрсетілуіне тыйым сала аламыз. Ал телеарнаға келсек, бұл сұрақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қойылуы керек", - деді Мәдениет және спорт министрлігіндегілер Liter.kz порталына.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также