Денис Тен өзін режиссер ретінде көргісі келетінін айтты

Денис Тен ?зін режиссер ретінде к?рмекші. Б?л туралы 48 Hour Film Race ?ыс?аметражды бай?ауды? ?йымдастырушысы Андрей Мануйлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денис Тен өзін режиссер ретінде көрмекші. Бұл туралы 48 Hour Film Race қысқаметражды байқаудың ұйымдастырушысы Андрей Мануйлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Андрей Мануйлов спортшыны қаладағы дәмханалардың бірінен кездейсоқ көріп қалған. "Біз оған байқауға қатысуға ұсыныс айттық. Содан ол тіркелетінін айтты (...) Бірақ мен оның уақыты болатынына сенімді емеспін, себебі, ол cол кезде Жапонияда болады. Мүмкін Денис сонда режиссер ретінде болады. Біз онымен біраз сөйлестік. Денис өзін режиссер ретінде көргісі келетінін айтып, біздің байқауға мықты қатысушылардың келуін тіледі. Сондай-ақ, біз Денисті жеңісімен құттықтап, бірге суретке түстік", - деді Андрей Мануйлов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 48 Hour Film Race ("Снять за 48 часов") қысқаметражды байқауы келесі сенбіде басталады. Қатысушылар тіркеліп жатыр. Қазірдің өзінде түрлі елдерден 700-ден аса өтініш келіп түсті. 

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алған болатын. Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 94,91 ұпай нәтижесімен көш бастап тұрған. Ал еркін бағдарламада төрешілер қазақстандыққа 172,06 ұпай берді. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Тен 266,97 ұпай жинап, бірінші орын алған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама