Дональд Трамп "Оскар" жүлдесі жайлы әзілдеді

Дональд Трамп "Оскар" жүлдесі жайлы әзілдеді © REUTERS/Kevin Lamarque

А?Ш президенті Дональд Трамп Лос-Анджелесте ?ткен 90-шы америкалы? киноакадемияны? марапаттау р?сімі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелесте өткен 90-шы америкалық киноакадемияның марапаттау рәсімі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл "Оскардың" бағасы тым төмен. Мәселе мынада - бізде жұлдыздар енді жоқ, әрине өздеріңіздің президенттеріңізден басқа (әзіл әрине!)", - деп жазды Трамп Twitter желісіндегі микроблогында. 

 

Жарнама
Жарнама

Осыған дейін, БАҚ-та биылғы "Оскар" жүлдесін марапаттау рәсімі трансляциялау бойынша ең төменгі көрсеткішті жинағанын жазған. Өткен жылмен салыстырғанда көрермендер саны 20 пайызға (26,5 миллион адам) аз болған. Сондай-ақ шараның өзі ұзаққа (үш сағат 50 минутқа) созылған.

Еске салайық, биыл мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның "Форма воды" фильмі "Оскар" сыйлығының "Жылдың үздік фильмі" номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Ұлыбританиялық 59 жастағы актер Гэри Олдман "Темные времена" тарихи драмасындағы Уинстон Черчильді сомдағаны үшін "Үздік ерлер рөлі" номинациясын жеңіп алды. Ал әйелдер арасында "Үздік әйелдер рөлі" номинациясында "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" драмасында басты рөлді сомдаған Фрэнсис Макдорманд алды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама