Джеймс Бондтың рөлінде ойнаған ұлыбританиялық актер Роджер Мур 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы актердің отбасы Twitter желісінде естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Хабарламада актердің қатерлі ісікпен ұзақ жылдар бойы күрестен кейін қайтыс болғаны айтылады.
Сэр Роджер Джордж Мур - ұлыбританиялық актер, сценарист, продюсер. Ол "бондиананың" жеті фильмінде ойнады: "Живи и дай умереть" (1973), "Человек с золотым пистолетом" (1974), "Шпион, который меня любил" (1977), "Лунный гонщик" (1979), "Только для твоих глаз" (1981), "Осьминожка" (1983) және "Вид на убийство" (1985).