Дженнифер Лоуренс тұрмысқа шықты

"Оскар" сыйлығының иегері Дженнифер Лоуренс пен арт-дилер Кук Марони үйленді, - деп хабарлайды Daily Mail.

"Оскар" сыйлығының иегері Дженнифер Лоуренс пен арт-дилер Кук Марони үйленді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Неке қию рәсімі АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Ньюпорт қаласында француздың Belcourt Castle ескі стильде салынған үйде өтті. 1890-жылдары салынған бұл үйде елес бары айтылады. 

Реклама
Реклама

Тойға шамамен 150 қонақ шақырылған - олардың арасында Сиенна Миллер, Эмма Стоун мен Камерон Диас, әнші Адель және басқа да танымал тұлғалар келген.

Қалыңдық Dior сән үйінің көйлегін киген. Жігіт болса классикалық смокинг киген.

Үйлену тойына бірнеше күн қалғанда актриса People.com порталына былай деген еді: "Мен үйлену тойы үшін алаңдамаймын. Жүйкені тоздыратындай емеспін, ол үшін мен тым жалқаумын. Өзіме ұнаған көйлекті көрдім де сатып алдым, мәдени шара өтетін жерді де солай таңдадым: "Бізде неке қию рәсімі өтетін орын бар".

"Голодные игры", "Мой парень - псих", "Афера по-американски" фильмдері арқылы танымал болған 29 жастағы актриса былтыр маусым айынан бастап 34 жастағы галерея директорымен кездесіп жүрген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама