Джим Керридің сүйіктісі өз-өзіне қол салды - БАҚ

© tmz.com

Америкалық танымал актер Джим Керридің сүйіктісі Катриона Уайттың денесі кеше Лос-Анджелестегі үйінде табылды. Оның жансыз денесін қонаққа келген достары тауып алды, - деп хабарлайды TMZ. Алдын ала мәлімет бойынша, Уайт дәріні артық мөлшерлеуден қайтыс болған - оқиға орнында дәрмектер табылыпты. 

53 жастағы Джим Керри мен 28 жастағы Катриона Уайт 2012 жылдан бастап кездесе бастаған, алайда бірнеше айдан кейін жұп айырылысып кетті. Ал 2015 жылдың мамырында олар қайта кездесе бастайды, бұдан кейін олар 24 қыркүйекте қарым-қатынасты қайта үзеді.

Уайт өлім алдындағы хаты ретінде Twitter желісінде жазба қалдырыпты: "Өзімнің соңғы твитімді аяқтай келе жақындарыма қайырымды болдым деп үміттенемін", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама