Джордж Клуни скутермен апатқа ұшырады

Фото ©REUTERS

Голливуд актері ?рі режиссері Джордж Клуни Италияны? Сардиния аралында апат?а ?шырады, - деп хабарлайды  РИА Новости La Nuova Sardegna басылымына сілтеме жасап.

Голливуд актері әрі режиссері Джордж Клуни Италияның Сардиния аралында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды  РИА Новости La Nuova Sardegna басылымына сілтеме жасап.

57 жастағы актер Сардинияда Джозеф Хеллердің әскери-сатиралық романының желісі бойынша "Уловка 22" атты сериалын түсіріп жатқан. 

Реклама
Реклама

Сейсенбінің таңында Клуни скутермен түсірілім алаңына бағыт алған. Жолда ол автокөлікпен соқтығысқан: басылымда жарияланған фотосуретте Mercedes көлігінің әйнек жағы шытынаған болса, киножұлдыз мінген скутерге бірде-бір сызат түспеген. 

Клуни Олбия қаласының жергілікті ауруханасына жеткізілген. Томографиядан кейін ол жамбас пен аяқ-қол жарақатын алды деген диагноз қойылған.

Оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағаны айтылады. Көп ұзамай оқиғадан кейін ауруханаға оның әйелі Клуни Амал келіп, екеуі бірге медициналық мекемеден шыққан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама