15 қаңтар 2021 | 09:16

"Ералаш" авторы Борис Грачевский қайтыс болды

Фото© РИА Новости

Мәскеуде ауруханада "Ералаш" көркемдік жетекшісі Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды. Танымал кинорежиссер 72 жасында өмірден озды, - деп хабарлайды Пятый канал.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде ауруханада "Ералаш" көркемдік жетекшісі Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды. Танымал кинорежиссер 72 жасында өмірден озды, - деп хабарлайды Пятый канал.

Грачевскийдің қазасы туралы журналист Борух Горин Facebook желісінде жазды.

Реклама
Реклама

"Енді Борис Грачевский арамызда жоқ. Қаралы хабар", - деп жазды ол 14 қаңтарда кешкі уақытта. 

Сондай-ақ, қаралы хабарды актер және оның досы Владимир Долинский және кинотанушы Вячеслав Шмыров растады.

Жақында дәрігерлер Борис Грачевскийдің жағдайы нашарлағанын хабарлаған еді. 

Ол коронавирус жұқтырып, 27 желтоқсанда ауруханаға жатқызылған. Режиссер ауруға қалжыңмен қарап, палатада түскен селфи жариялаған еді. Кейін екі күн өткен соң жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне түсіп қалған. Рождествода ол өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды деген хабарлама тарап, медикаментоз кома күйіне түскені белгілі болды. 11 қаңтарда Грачевскийдің жағдайы жақсарып келе жатыр еді. 

"Ералаш" - 1974 жылдан бастап М. Горький атындағы балалар және жасөспірімдер фильмінің орталық киностудиясы шығарған кеңес және ресей балалар әзіл-ысқақ киножурналы. Басында кинотеатрларда көрсетілді, кейін телеарнаға шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная