Голливуд фильмдерінің прокат мәселесі шешіледі - министрлік

Дина Шарипханова Корреспондент
Голливуд фильмдерінің прокат мәселесі шешіледі - министрлік Фото: elements.envato.com

Жақында Қазақстанда Голливуд фильмдерін прокатқа шығару мәселесі шешіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Қазақстанда Голливуд фильмдерін прокатқа шығару мәселесі шешіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаев еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компания басшылары қатысқан.

"Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатыр. Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures - бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрерменге картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізіп жатыр. Тиісті келісімдерге қолжеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ведомство мәліметінше, келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан ары жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама