1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Голливудтың 2021 жылы билеті ең көп сатылған фильмі анықталды

Голливудтың 2021 жылы шыққан билеті көп сатылған фильмі - "Өрмекші адам: үйге жол жоқ", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме

Голливудтың 2021 жылы шыққан билеті көп сатылған фильмі - "Өрмекші адам: үйге жол жоқ", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

Питер Паркердің шытырман оқиғалары туралы Marvel франшизасының үшінші бөлігі 12 күн ішінде 1 миллиард доллар жинады. 2019 жылғы "Кек алушылар: соңы" және "Кек алушылар: шексіз соғыс" бұған 5 және 11 күн ішінде жетті.

Өткен демалыс күндері "Өрмекші адам: үйге жол жоқ" америкалық нарықта 260 миллион доллар жинады. Сарапшылар мұндай көрсеткіштердің, әсіресе пандемияда таңғаларлық екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!