Грузиннің ең сұлу актрисасы өлі табылды

Лика Кавжарадзе. © intermedia.ge

Тбилисиде Грузияны? танымал актрисасы Лика Кавжарадзе ?лі табылды. 57 жаста?ы актрисаны? денесі 11 ?азанда Иракли Абашидзе к?шесінде орналас?ан п?терінен табылды, - деп хабарлайды "Новости-Грузия" басылымы полиция?а сілтеме жасап.

Тбилисиде Грузияның танымал актрисасы Лика Кавжарадзе өлі табылды. 57 жастағы актрисаның денесі 11 қазанда Иракли Абашидзе көшесінде орналасқан пәтерінен табылды, - деп хабарлайды "Новости-Грузия" басылымы полицияға сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, актрисаның денесінде зорлық белгілері жоқ. Өлімінің себебі әзірше ресми түрде аталған жоқ. Құқық қорғау органдарды "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Лика Кавжарадзе 1959 жылы 26 қазанда Тбилисиде дүниеге келген. 1973 жылы Сараджишвили атындағы мемлекеттік консерваторияның фортепиано класын аяқтаған. Актерлік қызметті 1972 жылы "Грузинский фильм" киностудиясында бастаған.

Реклама
Реклама


© kino-teatr.ru

Айта кетейік, актриса Тенгиз Абуладзенің "Древо желаний" фильміндегі Марита рөлінен кейін танымал бола бастаған.

Басылымның мәліметінше, Лика Кавжарадзе барлығы шамамен 30 фильмге түскен. Олардың ішінде "Бабочка", "Дюма на Кавказе", "Только раз", "Кавказский романс", "Голубые горы" және тағы басқа фильмдер бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама