"Игла" фильмінің бірінші сценарийінің түпнұсқасы табылды
Басты рольде Виктор Цой ойнаған "Игла" фильмінің бірінші сценарийінің түпнұсқасы Avito сайтында сатылымға шығарылды, - деп жазды "Российская газета".
Басты рольде Виктор Цой ойнаған "Игла" фильмінің бірінші сценарийінің түпнұсқасы Avito сайтында сатылымға шығарылды, - деп жазды "Российская газета".
"Түпнұсқа фильм сценарийінің авторы Бақыт Қилыбаевқа тиесілі болған", - деп жазылған хабарландырудың мәтінінде. Лоттың авторы бұл ерекше құжат үшін 1,5 миллион рубль сұрап отыр (8,2 миллион теңге - Авт.).
Хабарландыруға қарағанда, сатушының өзі Санкт-Петербург қаласында, Пушкинская метросына жақын маңда - атақты Ленинградский рок-клуб орналасқан жерге таяу көрінеді.
РИА Новости тілшісімен тілдескен сатушы өзін Александр деп таныстырған, айтуынша, сатып алушыны әлі таппаған. "Бұл сценарийді маған Бақыт Қилыбаевтың әйелі берді... достық ниетпен... Әзірше сатып аламын деушілер хабарласқан жоқ", - деді ол.
Виктор Цой мен режиссер Рашид Нұғманов. © art1.ru
Сценарийші Бақыт Қилыбаев. © Brod.kz
"Игла" фильмін 1988 жылы режиссер Рашид Нұғманов "Қазақфильм" киностудиясында түсірген. Оның тұсаукесері Алматыда өтті. Мәскеуде көрсетілгеннен кейін 1989 жылы ақпанда бұл картина КСРО-да кинопрокатқа шықты.
Атақты музыкантқа қатысты Петербургта сатылып жатқан бұл алғашқы зат емес. Қыркүйекте өткен аукционда тоғыз миллион рубльға Виктор Цойдың төлқұжаты сатылды, ол оны көзі тірісінде жоғалтып алған.