13 маусым 2022 07:25

"Игра в кальмара" веб-сериалының екінші маусымының тизері жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Netflix стриминг-сервис Twitter желісінде танымал корейлік "Игра в кальмара" веб-сериалының тизерін жариялады, - деп хабарлайды Deadline.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Netflix стриминг-сервис Twitter желісінде танымал корейлік "Игра в кальмара" веб-сериалының тизерін жариялады, - деп хабарлайды Deadline.

Видеодан "Қызыл түс, жасыл түс" сынағындағы қуыршақты көруге болады.

Реклама
Реклама

Фильм режиссері Хван Дон Хюктің айтуынша, екінші маусымда бас кейіпкер Сон Ги Хун мен ойын жүргізушісі Хван Ин Хо оралады. Сондай-ақ, Ен Хи және Чоль Су есімді жаңа кейіпкерлер келеді.

"Өз ойымды жүзеге асыру үшін маған 12 жыл уақыт қажет болды. Ал фильм бар-жоғы 12 күн ішінде танымалдық әкелді", - деді Хван Дон Хюк.

Netflix-тегі "Игра в кальмара" қаралым бойынша көш бастап тұр. Фильм алғашқы 28 күн ішінде 1,65 миллиард қаралым жинады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram