"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі кеме аукционда рекордты сомаға сатылды © Twitter @pihauctions

"Жұлдыздар соғысы" фильміндегі ғарыш кемесінің моделі аукционда рекордты 450 мың долларға сатылды, - деп жазады "Газета.Ru". Бұл сома бағаланған мөлшерден бір жарым есеге асып түсті.

Бұл кемені көрермендер киноэпопеяның "Эпизод IV: Жаңа үміт" атты бірінші фильмінде көрген болатын, ол 1977 жылы экранға шықты. Модель фильм түсірілімінде қолданылған. Ханшайым Лея мен C-3PO және R2-D2 роботтары отырған кеме бастапқы титрдан кейін бірден пайда болды. Бұл көрермендер көрген тұңғыш ғарыш кемесі.


© Twitter @pihauctions

Реклама
Реклама

Айта кетейік, аукционға сонымен қатар, ханшайым Леяның металл бикиниі қойылды, оны актриса Кэрри Фишер 1983 жылы алтыншы "Джедайдың оралуы" эпизодында киген болатын. Джаббе Хатуға құлдыққа түскен ханшайымның ашық-шашық киімі аукционда 96 мың долларға сатылды.


© Twitter @lucasfilm

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама