02 қыркүйек 2017 18:15

Қайрат Нұртас түскен жаңа фильмнің қашан шығатыны белгілі болды

Фильм постері. Instagram.com/Kair_n

Қайрат Нұртас басты рөлінде ойнайтын жаңа фильмнің премьерасы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас басты рөлінде ойнайтын жаңа фильмнің премьерасы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Көптен күткен фильм!!! Алғаш рет Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова "Арман" фильмінде, бірге басты рөлде ойнайды! 12 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!!!", - деп жазды Қайрат Нұртас фильмнің афишасын жариялап. 

Реклама
Реклама


Фильм постері. Instagram.com/Kair_n

Айта кетейік, бұл әншінің түсіп отырған бірінші фильмі емес. 2016 жылы Қайрат Нұртас түскен "Тағдыр" фильмі жарыққа шыққан еді. Бұл картинада ол қарақшының рөлінде ойнады. Сонымен қатар, отандық басқа да фильмдердің эпизодында түскен. 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі туралы "Өкініш" фильмі шығып, қазақстандық прокатта көш бастаған еді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram