ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2017 | 17:29
Қазақстанда тұңғыш рет детектив жанрындағы сериал түсіріліп жатыр
Қазақстан тарихында алғаш рет детектив оқиға жанрында қазақ тіліндегі отандық сериалдың түсірілімі өтіп жатыр. Болған оқиғаға негізделген сериал "Хабар" телеарнасында биыл көрсетіледі деп жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан тарихында алғаш рет детектив оқиға жанрында қазақ тіліндегі отандық сериалдың түсірілімі өтіп жатыр. Болған оқиғаға негізделген сериал "Хабар" телеарнасында биыл көрсетіледі деп жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Детектив жанры көрмермендер үшін қашан да қызық, бұған көрерменді сюжетке толықтай елітіп әкетуі, логиканы қолдануға және кейіпкерлермен бірге жұмбақтың сырын ашуға итермелейтіні себеп болса керек. "Тергеушілер" детектив сериалы - осындай жобалардың бірі. Сондай-ақ осы сериал арқылы көрермендер құқық қорғау жүйесі қалай жұмыс істейтінін, түрлі жағдайларда қандай әрекеттер қабылдайтынын біле алады", - "Хабар" арнасының директоры Сандуғаш Рахымжанова.
Картина неміс көрермендерінің арасында 10 жылдан бері танымалдығын жоймаған неміс франшизасының негізінде түсірілуде. Қазақстандық жобаға халықаралық команда жұмылдырылған.
"Тергеушiлер" ("Следователи") қазақстандық детектив сериалы денсаулығы мен өмірін қатерге тігетін, қарапайым азаматтарды қорғау үшін ерлікке барып жүрген полицейлердің күнделікті жұмысын баяндайды.
Әр серияда көрермендерді түрлі тергеу оқиғалары, аға тергеуші Кәмшат Мырзабекқызы бастаған жас та батыл тәртіп сақшыларынан құралған команданың қылмыскерлердің ізіне түсуі, оларды әшкерелеу оқиғалары күтіп тұр. Кәмшат есімді басты рөлде қазақстандық белгілі актриса Гүлшарат Жұбаева сомдайды.
Кәмшаттың қарамағында төрт әмбебап сарбаз бар, олардың әрқайсысы ерекше қабілетке ие: адал, табанды және әділ ІІД тергеушісі Ермек Байназар (актер Азамат Шарғынов), көңілді және тартымды жедел қызметкер Нұрлан Ақберен (актер Ербол Садырбаев), мансапқор және бикештердің сүйіктісі Асқар Еділбай (актер Нияз Шайсұлтанов), маман-криминалист - Гауһар Елжанқызы (актриса Гүлбахрам Байбосынова).
"Біздің сериалдың басты кейіпкерлері - жасанды, мінсіз полицейлер емес. Олар біздің қазақстандық ортада өмір сүретін қарапайым ұл-қыздар. Дегенмен олар өз қызметтерін адал атқаруда. Біздің барлық актерлеріміз тәжірибелі және түрлі картиналарға түсіп жүргендер. Біз осы сериал еліміздегі детевтив жанрына жол ашады деп үміттенеміз. Бұл біздің алғашқы қарлығашымыз, жобадан күтеріміз мол", - дейді "Adam Media Plus" компаниясының бас продюсерi Динара Адам.
Показать комментарии
Читайте также