23 шілде 2021 | 09:37

Қазақстандық актер Канндағы World Film festival кинофестивалінің жеңімпазы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Instagram/@film.sunflower

Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Каннда өтетін World Film festival кинофестивалінде "Үздік азиялық актер" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық актер Еркебұлан Дайыров Каннда өтетін World Film festival кинофестивалінде "Үздік азиялық актер" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер қазақстандық режиссер Эльмира Гильманның "Подсолнух" фильміндегі рөлі үшін марапатқа ие болған.

Еркебұлан Дайыров Instagram-парақшасында қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ол бұл өзінің ғана емес, бүкіл түсірілім құрамының жеңісі екенін атап өтті және Эльмира Гильманға алғыс айтты.

Реклама
Реклама

Фильмнің сюжеті бойынша он төрт жастағы Әмір мектеп пен үйіндегі проблемалардан қашып ойынан құрап алған жеке әлемінде жасырынады. Шынайы өмірден айырмашылығы онда бәрі қарапайым және түсінікті. Алайда отбасындағы және мектептегі келеңсіздіктер оның өмірін өзгертеді.

Еркебұлан Дайыров қазақстандықтарға "Томирис", "Анаға апарар жол", "Амре", "Тобыл", "Бауыржан Момышұлы" және "Балуан Шолақ" фильмінен таныс.

Сәуірде актер ER-BATYR жобасының қонағы болды. Онда ол Айсұлтан Сейітовпен жұмыс істеу тәжірибесі туралы, рөлі үшін шамамен 20 келі салмақ қосқаны туралы, сондай-ақ әкесі берген ең маңызды нұсқаулар туралы әңгімелеп берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная