ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2018 | 12:36
Қазақстандық фильм Голливудтағы фестивальда үздік деп танылды
Қазақстандық "Әміре" фильмі Голливудтағы фестивальда үздік деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық "Әміре" фильмі Голливудтағы фестивальда үздік деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы фильмде басты рөлді ойнаған актер Санжар Мәдиев Instagram әлуметтік желісіндегі парақшасында айтты.
"Достар! Біздің "Әміре" (Paris Song) фильмі Hollywood Film Festival фестивалінде қазылар алқасының жоғары бағасын алды және бірінші орынды иеленді", - деп жазды ол.
Фильмде қазақтың атақты әнші, актер әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың жарқын, бірақ қысқа, жұмбақ өмірі көрсетілген. 1925 жылы музыкант Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясында Дүниежүзілік музыка байқауына Парижге аттанады. Онда КСРО делегациясының әртісі ретінде Әміре Қашаубаев көрерменді таңғалдырып, күміс медальға ие болады.
"Әміре" фильмі "Қазақфильм" киностудиясының 2018 жылғы алғашқы ірі бірлескен жобасы болды. Халықаралық түсірілім тобын американдық қоюшы режиссер Джефф Веспа, оператор Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") басқарды. Сценарий авторы А. ван дер Вин. Фильмдегі басты рөл Санжар Мәдиевке бұйырды, сонымен қатар фильмде Еркебұлан Дайыров, танымал британдық актер Бен Алдридж, "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдерімен танылған америкалық актриса Эбби Корниш және басқалары ойнайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Друзья! Наш фильм "Амре" (Paris Song) завоевал 1 место и самую высокую оценку жюри на кинофестивале в Голливуде Hollywood Film Festival @hollywoodfilmfestival ! ???????????????? #hollywoodfilmfestival #hollywoodfilmfestival2018 #parissong #amre #амре #әміре #award
Публикация от Sanjar Madi℠ (@sanjar.madi) 26 Окт 2018 в 10:02 PDT
Показать комментарии
Читайте также