14 қазан 2014 15:24

Қазақстандық фильм Лондон кинофестивалінің бағдарламасына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнің түсірілімі кезінде. ©Марғұлан Қапашев Фильмнің түсірілімі кезінде. ©Марғұлан Қапашев

Қазақстандық режиссер Марғұлан Қапашевтің "Вольные птицы" фильмі Лондондағы Crystal Palace International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кинофестиваль 2014 жылы 1-15 қараша аралығында өтеді.


Қазақстандық режиссер Марғұлан Қапашевтің "Вольные птицы" фильмі Лондондағы Crystal Palace International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кинофестиваль 2014 жылы 1-15 қараша аралығында өтеді.

Картинаның түсірілімдері 2013 жылдың желтоқсанында болды. Режиссердің "Вольные птицы" деп аталатын дебюттік лентасы - өзіндік философиялық тәмсіл. "Әр көрермен өзіне ой іліп алады. Ол сондай терең. Көп адам армандайды және бәрі кереметті күтеді. Барлығы сол кереметті жақсы әрі қайырлы екен деп ойлайды, бірақ оның қарсы жақ беті де бар. Жаман әрі қауіпті ғажайыптар болады. Біздің кейіпкеріміз өмір бойы кереметті күтеді, және ол оның бар өмірін өзгертеді", - дейді Қапашев.

Картинада басты рөлдерді Димаш Ахимов, Әділ Есенболатов, Аружан Жазылбекова және Төлепберген Байсақалов сомдайды. Картинаның сценарий авторы және продюсері ретінде Нұрлан Мұқатаевпен бірге режиссердің өзі болды. Қазақстандық фильм Tengri Studio киностудиясының базасында түсірілген.

Қазақстандық фильм Канн фестивалінің Short Film Corne ("Қысқаметражды фильмдер бұрышы") бағдарламасы аясында таныстырылды. Марғұлан Қапашевтің айтуынша, сол кезде Канн фестивалінің талабына байланысты 23 минуттық жұмысты 15 минутқа дейін қысқартуға тура келген. "8 минутқа қысқартуға тура келді. Фильмнің жартысын кесіп тастады. Драматургия жоғалып кете ме деп қорыққанмын, бірақ тіпті жақсы болып шықты, динамикалы бола түсті", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети