08 желтоқсан 2021 | 17:09

Қазақстандық "Сары мысық" фильмі "Алтын глобусқа" ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фильмнен алынған кадр

Режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі Қазақстан атынан "Алтын глобус" сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі Қазақстан атынан "Алтын глобус" сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтын глобус" - Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы тарапынан 1944 жылдан бастап кинофильмдер мен картиналарға берілген америкалық сыйлық. Сыйлық иегері жыл сайын қаңтарда Голливудта тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистердің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады. Ол - киноиндустрияда "Оскардан" кейінгі екінші беделді сыйлық.

"Сары мысық" фильмі қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасын баяндайды. Түрмеде өз жазасын өтеп болғаннан кейін жас Кермек қылмыстық топ өзінің аяусыз заңдылықтарын орнатқан туған қаласына оралады. Ева - Кермектің сүйген қызы. Қарақшылардың қысымымен ол жаман жолға түседі. Кермектің өзі қылмысқа араласады, бірақ сүйіктісімен бірге босап, кинотеатр салуды армандайды. Ол қандай жолмен болса да, бұл мақсатқа қол жеткізуге шешім қабылдайды.

Реклама
Реклама

"Сары мысық" - режиссер Ержановтың 9-көркем фильмі. Фильмнің түсірілімі өткен жылы Алматы облысында өтті. Бас продюсерлер - Әсел Сәдуақасова, Қанат Бектеміров және Ербол Тойбаев.

Фильмді Short Brothers (Қазақстан) компаниясы, Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және Arizona Productions (Франция) компаниясы, Zerde Films (Қазақстан) компаниясы бірлесе отырып түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная