03 наурыз 2022 12:56

"Қазақстаннан-ақ тауып алдық". Желіде танылған афроамерикалық келін кім екені белгілі болды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

Желіде қазақ отбасына келін болып түскен афроамерикалық қыз қызу талқыға түсті. Ол кім болды? Tengrinews.kz тілшісі анықтады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақ отбасына келін болып түскен афроамерикалық қыз қызу талқыға түсті. Ол кім болды? Tengrinews.kz тілшісі анықтады. 

TikTok-та ақ орамалын тағып, күбі піскен афроамерикалық келіннің аккаунты өте белсенді, оның әрбір видеосы кемінде 1 миллионға жуық қаралым жинаған. Желіде бұл туралы түрлі пікірлер өріп жүр. Бірі оны экзотикалық келін десе, басқалары хайп қуды деп айыптайды.

Өзін "Қазақтың әппақ келіні" деп таныстырған "Лияның" TikTok желісіндегі парақшасында 76,5 мың оқырман бар. Парақшасында ауылдағы келіндік өмірі туралы видеолар салып тұрады. 

Реклама
Реклама
@lia.appakkelin Күбі пісіп көрдіңіз бе? Келін болып түскеннен кейін абысындарым қазақтың көп салт-дәстүрлерін үйретті 😍 #appaqkelin #appaqkelinLia ♬ оригинальный звук - Шелек болмай тіркел 💗🙆🏻

Біз осы тұста мәселенің мән-жайын анықтамақ болып түрлі дереккөздерді шолып шықтық. Шын мәнінде, афроамерикалық келін актриса болып шықты. Ол жақында тұсаукесері болатын "Әппақ келін" сериалына түскен екен. Бұл ақпаратты сериал режиссері Дархан Сәркенов растады. 

"Біздің сериалдың актрисасына осыншалық қызығушылық танытылғаны қуантады. Демек, мойнымызға артылған жауапкершілікті толық сезіне алдық деген сөз. Афроамерикалық келінге келетін болсақ, бұл оның сериалдағы образы ғана, яғни актриса. Есімі Фатима Кулибали. Шетелдің азаматы емес, өзіміздің Қазақстаннан-ақ тауып алдық. Әзірге тек осыны ғана айта аламын, алдағы уақытта жаңа деректерді бөлісемін", - деді режиссер. 

Айта кетейік, 11 наурыз күні Фатима Кулибали түскен сериалдың тұсауы кесіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram