ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2018 | 16:26
Комик Кевин Харт "Оскар" киножүлдесін жүргізуден бас тартты
Комедия жанрындағы фильмдердің актері Кевин Харт "Оскар" киножүлдесінің" 91-ші марапаттау рәсімін жүргізуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Комедия жанрындағы фильмдердің актері Кевин Харт "Оскар" киножүлдесінің" 91-ші марапаттау рәсімін жүргізуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы актер Twitter желісіндегі парақшасында жазған.
"Таңғажайып және талантты актерлер мейрамдауы тиіс түнге назарымды аудартқым келді", - деп жазған Кевин Харт.
Актер мұндай шешімге келуін гей-қауымдастықтарға қатысты шыққан даумен байланыстырды. БАҚ мәліметінше, актерге 2009-2011 жылдар аралығында гомосексуалдар жайлы жағымсыз твиттарына қатысты көп сын айтылған. Бірақ Харт кейіннен ол үшін кешірім сұраған екен.
Айта кетейік, "Оскар" жүлдесін марапаттау рәсімі 2019 жылы 24 ақпанда Лос-Анджелесте өтеді.
Показать комментарии
Читайте также