25 маусым 2019 | 10:23

"Композитор" фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды

ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Композитор" көркем фильмі 2 марапатқа лайық деп танылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Композитор" көркем фильмі 2 марапатқа лайық деп танылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен қытайлық "Shinework Pictures" компаниясы түсірген алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы осы жылдың басында Пекин халықаралық кинофестиваліне қатысқан болатын. Картина режиссерлары: Қазақстан тарапынан - Сәбит Құрманбеков,  Қытай атынан - Шерзат Якуб. 

Реклама
Реклама

Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған жас қазақстандық актриса Ділнәз Нұрсейіт "Үздік жаңа есім" аталымында қытайлық  CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, "Композитор" фильмінің продюсерлік тобы да ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды. Қытайлық бас продюсер Джонатан Шенде марапатқа ие болды. 

Фильм Кеңес Одағы кезіндегі қытайлық композитор Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы, Алматыға эвакуацияланған шағы туралы баяндайды.  Сонымен бірге, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын көрсетеді. 

Еске салайық, "Композитор" көркем фильмінің өндірісі үкімет деңгейінде ұйымдастырылған болатын. 2015 жылы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезде уағдаластық етілген.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен қытайлық "Shineworks Pictures" компаниясы арасында аталған фильмді бірлесе өндіру, қаржыландыру, және пайдалану жөнінде келісімге отырған.

2017 жылдың 8 маусымында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасаған сапары аясында қол қойылған бірлесіп киноөндірісті  жүргізу туралы мемлекетаралық келісім негізінде аталған киножоба іске асқан болатын. 

 Картинаның түсірілімдері 2017 жылы өтіп, фильмнің біраз бөлігі Қазақстанда түсірілген болатын."Композитор" фильмі  2019 жылдың 17 мамырынан бастап Қытайда, ал 6 маусымнан  бастап Қазақстанда прокатқа жіберілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная