15 сәуір 2019 | 15:00

Қытайда Қазақстанда түсірілген "Композитор" фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті

Сурет кинофестиваль сайтынан

Бүгін IX Бейжің Халықаралық кинофестивалінің (The 9th Beijing International Film Festival) конкурстық бағдарламасы аясында алғашқы қазақ-қытай бірлесіп түсірген көркем фильмі - "Композитордың" көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін IX Бейжің Халықаралық кинофестивалінің (The 9th Beijing International Film Festival) конкурстық бағдарламасы аясында алғашқы қазақ-қытай бірлесіп түсірген көркем фильмі - "Композитордың" көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестивальде картинаны фильм авторлары мен актерлері таныстырды. Атап айтар болсақ - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов, қоюшы режиссері - Шерзат Якуб, қосалқы режиссері - Сәбит Құрманбеков, Бақытжан Байқадамовтың ролін сомдаған актер - Берік Айтжанов, Си Синхай мен оның жарының образын жасаған қытай актерлері  - Ху Чжунь және Юан Чуан.  Фестиваль қонақтары және Қытайдың шығармашылық зиялы қауымы фильмді зор ықыласпен қарсы алды. Мәселен, қытай суретшісі Тинь Хуань фильм туралы жылы лебізін білдіріп, көруге кеңес етті.  

Реклама
Реклама

Көркем лента қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды. Фильмді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және қытайлық "Shineworks Pictures", "China film coproduction corporation" компаниялары түсірген.

Биыл фестивальге қатысуға 85 елден 775 кинотуынды үміт білдірген. Нәтижесінде, фестивальдің Tiantan ("Аспан ғибадатханасы") атты бас жүлдесі үшін түрлі елден барлығы 15 фильм бәйгеге түсетін болады. Олардың ішінде қытайлық "Адасқан ғалам", американдық "Бен оралды" (Ben Is Back), ирандық "Осында" (Iro, Here), қазақ-қытай бірлесіп түсірген "Композитор" және басқа да туындылар бар. Фестивальдің жеңімпаздары байқаудың жабылу салтанатында сәуірдің 20-нда жарияланатын болады.

Tiantan басты байқаудан басқа, биыл фестиваль шеңберінде алуан түрлі мәдени іс шаралар өтеді, атап айтсақ, тақырыптық семинарлар, жәрмеңкелер, кинокарнавал, сондай-ақ "Үнді киносының апталығы", "Болашаққа көзқарас", "Кинодағы классикалық Бейжің операсы" сынды бағдарламалар мен киноконцерттер өтеді. 

Еске салайық, Халықаралық Пекин кинофестивалі 2011 жылы құрылған болатын. ҚХР кинематография бойынша Мемлекеттік басқармасының бастауымен өткізілетін фестивальді Қытайдың Медиакорпорациясы мен Пекиннің халық үкіметі ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, "Композитор" фильмінің өндірісі үкімет деңгейінде ұйымдастырылған болатын. 2015 жылы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезде уағдаластық етілген.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен қытайлық Shineworks Pictures компаниясы арасында аталған фильмді бірлесе өндіру, қаржыландыру, және пайдалану жөнінде келісімге отырған.

2017 жылы 8 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасаған сапары аясында қол қойылған бірлесіп киноөндірісті  жүргізу туралы мемлекетаралық келісім негізінде аталған киножоба іске асқан болатын. 

Картинаның түсірілімдері 2017 жылы өтіп, фильмнің біраз бөлігі Қазақстанда жүрген.

Си Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуендер жазған, сондай-ақ ол 10-ға жуық кинофильмдер музыкасының авторы. Алматыда өткізген жылдары ол «Ұлт азаттығы» симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Си Синхайдың шығармаларынан отанға деген махаббатын аңғаруға болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная