09 желтоқсан 2014 18:18

Леонардо Ди Каприо түнгі клубтан 20 қызбен бірге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леонардо Ди Каприо. ©REUTERS Леонардо Ди Каприо. ©REUTERS

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо Майамидегі түнгі клубтардың біріне жалғыз келді де, 20 қызбен бірге шығып, әлдеқайда кетіп қалды, - деп хабарлайды Lenta.ru куәгерлерге сілтеме жасап.


Голливуд актері Леонардо Ди Каприо Майамидегі түнгі клубтардың біріне жалғыз келді де, 20 қызбен бірге шығып, әлдеқайда кетіп қалды, - деп хабарлайды Lenta.ru куәгерлерге сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, 40 жастағы Леонардо Ди Каприо Майамиге 4-7 желтоқсан аралығында өткен Art Bazel өнер жәрмеңкесіне келген. Содан кейін актер Саус-бич ауданында Art Bazel жәрмеңкесінің аяқталуына байланысты өтіп жатқан көңіл көтеру кешіне барды. Ол жақтан Ди Каприо көптеген бойжеткендермен бірге шығып кетті. "Лео мен 20 қыз. Ол - менің қаһарманым", - деді қонақтардың бірі. Леонардо Ди Каприо мен сұлулардың нақты қайда кеткені жайлы мәлімет жоқ. Тілшілер болса Ди Каприоның Victoria’s Secret ішкиім брендінің 22 жастағы моделі Тони Гаррнмен қарым-қатынасын үзгенін осылай дәлелдеп отырғанын жазады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусым айында Леонардо Ди Каприоның басы дауға қалған еді. Фотомодель Кэти Клиридің күйеуі оның Голливуд жұлдызымен бірге жүргенін көргеннен кейін суицид жасаған болатын. 40 жастағы Штерннің өлімінен соң модель полицейлерге күйеуінің үш айға жалғасып жатқан ажырасу процесінен қиналып жүргенін және күйзеліске ұшырағанын айтып берді. 19 мамырда Клири мен Леонардо Ди Каприоның Канн фестивалінде бірге көрінгені белгілі болды. Ал белгілі журналдарда "Ұлы Гэтсби" фильмінің жұлдызы өз сүйіктісінің құлағына сыбырлап жатқаны бейнеленген суреттер басылды. Фоторепортаждарға қарағанда, актер мен модель айырыласпаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети