ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 мамыр 2018 09:54
Marvel фильмдерінде мұсылман суперқаһарман әйел пайда болады
Капитан Марвел туралы фильм жары??а шы??аннан кейін Marvel кино?аламы к?рермендерді комикстеріні? ал?аш?ы м?сылман суреп?а?арман ?йелмен таныстырма?, - деп хабарлайды "Союз" Marvel студиясыны? басшысы Кевин Файгиге сілтеме жасап.
Капитан Марвел туралы фильм жарыққа шыққаннан кейін Marvel киноғаламы көрермендерді комикстерінің алғашқы мұсылман сурепқаһарман әйелмен таныстырмақ, - деп хабарлайды "Союз" Marvel студиясының басшысы Кевин Файгиге сілтеме жасап.
Файгидің сөзінше, Marvel киноғаламының командасы Мисс Марвел / Камала Ханға жоспары үлкен.
"Бри Ларсон қатысып жатқан "Капитан Марвел" түсірілімі дәл қазір жүріп жатыр. Мисс Марвел - комикстің тағы бір кейіпкері - Капитан Марвелден шабыт алған мұсылман әйел. Оған қатысты жоспарымыз бар, бірақ, Капитан Марвелды жарыққа шығарғаннан кейін", - деп мәлімдеді ол.
"Кек алушылар: Шексіз соғыс" фильмі 3 мамырда көрсетіле бастады және Marvel кинематографиялық ғаламының 19-шы картинасы болды.
Жақында америкалық актриса Гвинет Пэлтроу (Пеппер Потс) "Кек алушылардың" франшизасы "Шексіз соғыстың" жалғасы қандай болатынын айтқан еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу