ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 тамыз 2018 09:02
Мәскеуде соққы көрген Сами Насери Желі қолданушыларына алғысын білдірді
Мәскеудегі барлардың бірінде Беларусь азаматтарынан соққы көрген француз актері Сами Насери әлеуметтік желі қолданушыларына оның бас жарақатын алғаны жайлы жалған хабарламалар таратпағаны үшін алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осыдан бірнеше апта бұрын менің өлімім жайлы хабарламалардан кейін жалған хабарламаларды таратуды жалғастырмағандардың барлығына алғыс айтамын. Жағдайым жақсы. Таяуда жаңа жобаларымызды тамашалай аласыздар", - деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, актер бауыры әрі ресейлік саяхатшы Федор Конюховпен түскен суретін жариялады.
Еске сала кетейік, актерді Мәскеудегі барлардың бірінде ұрып-соққан болатын. Кейінірек оған сонда ота жасалып, ол Францияға қайта алмаған еді.
Mash басылымының мәліметінше, оны Беларусь азаматтары ұрып-соққан. Ер адамдардың арасында жанжал шығып, кейіннен ол төбелеске ұласқан.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу