ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2016 | 23:53
Мешітте малдас құрып отырған Морган Фримен қолданушыларды таңғалдырды
Голливудтың атақты актері Морган Фримен Ашура күнінде Лондондағы мешітке бас сұқты. Әртістің мұсылмандардың арасында мешітте малдас құрып отырғаны бейнеленген сурет Twitter желісінде пайда болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Голливудтың атақты актері Морган Фримен Ашура күнінде Лондондағы мешітке бас сұқты. Әртістің мұсылмандардың арасында мешітте малдас құрып отырғаны бейнеленген сурет Twitter желісінде пайда болды.
Екі мәрте Құдайдың рөлінде ойнаған Фримен "Әл-Кои" мұсылмандар қорына қарасты мешітке барған. Оқиға 12 қазанда таңғы уақытта болыпты. Бұл Мүхаррам айының 10-шы күні.
Суреттер әлеуметтік желілерде, кейін көптеген БАҚ беттерінде жарияланды. Қолданушылар актердің мұсылмандардың жиынына қатысқанына таңданыс білдіріп жатты. Біреулер Фримен осылайша мұсылман дәстүріне құрмет көрсетті десе, кейбіреулері тіпті актер ислам дінін қабылдады деп те тұжырым жасап жатты.
© Twitter/Mohamed Muraj
Алайда, ұлыбританиялық БАҚ-тардың мәліметінше, "Оскар" сыйлығының 79 жастағы лауреаты мешітке National Geographic телеарнасында басталған "Құдайдың тарихы" атты көпсериялы деректі фильмінің жұмысының аясында бас сұққан.
Мұсылмандар Лондонда Ашура күнін атап өтіп жатыр. © Twitter/Mohamed Muraj
Показать комментарии
Читайте также