Министр Ақтоты Райымқұлова "Қазақфильм" жекешеленбейтінін айтты
"Қазақфильм" киностудиясы жекешеленетін ғимараттар тізімінен алып тасталады. Бұл туралы ОҚК брифингінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жекешелендірілетін ғимараттар тізімінде тұр. Қазақстан Республикасының модернизациясы жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында премьер-министр Асқар Мамин "Қазақфильмді" жекешеленген ғимараттар тізімінен алып тастау жөнінде ұсынысты қолдады", - деді министр.
Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, бүгінде бұл сұрақ министрдің жіті бақылауында. Бұл бастаманы алдағы уақытта үкімет мақұлдайды.
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Пікірлерді оқу