ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2021 | 13:20
"Мұқағали" фильмі Эстонияда өткен халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды
Режиссер Болат Қалымбетовтің "Мұқағали" көркем фильмі 25-ші Таллин "Қараңғы түндер" (PÖFF) кинофестивалінде экуменикалық қазылар алқасының сыйлығына ие болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары кеше "Эстония" концерт залында өткен марапаттау рәсімінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Поэтикалық тіл мен фильмнің көрнекілігі ең сезімтал тақырыптарды адам жанының тіліне аударуға мүмкіндік береді. Фильм нағыз рухани құндылықтарды мадақтауға есік ашады", - деді қазылар алқасының мүшелері.
Еске салайық, қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Мұқағали" картинасы лирик ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген. Таспаның сценарийін белгілі қазақстандық жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазған. Фильм қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также