"Өліп кете жаздадым". Джеки Чан түсірілім кезіндегі қорқынышты оқиғасын айтып берді

© pixabay.com

Актер Джеки Чан "Авангард" фильмінің түсірілімі кезінде өліп кете жаздағанын айтты, - деп хабарлайды The Straits Times.

Актер Джеки Чан "Авангард" фильмінің түсірілімі кезінде өліп кете жаздағанын айтты, - деп хабарлайды The Straits Times.

65 жастағы актердің сөзінше, теңіздегі атыс кезінде ол тасқа ілініп қалып, батып кете жаздаған. 

"Бір кезде қатты қорқып кеттім, денем қалтырай бастады. Өліп кете жаздадым", - дейді актер. 

Реклама
Реклама

Джеки Чанды әріптестері құтқарып қалған. Актердің айтуынша, бұл оқиға түсірілім алаңын есеңгіретіп тастаған. Фильм режиссері Стэнли Тун көзіне жас алған. Ал актер жағдайы жақсы екенін түсіндіріп, түсірілімді жалғастыруға болатынын айтқан. 

Джеки Чан басты рөлде ойнайтын "Авангард" фильмі 2020 жылы 25 қаңтарда шығады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама