21 қаңтар 2021 | 10:49

Өмірден күн сайын рахат алып, бақытты болу туралы ой салады - "Жан" фильмі

Адамның қалауы, ойы мен ұмтылыстары қайдан пайда болады? Өмірдің мәні не? Дәл осы философиялық сұрақтарға Pixar студиясы "Жан" анимациялық фильмі арқылы жауап беруге тырысқан. Ал 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматыда осы "Жан" фильмінің қазақ тіліне дубляждалған алдын ала көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адамның қалауы, ойы мен ұмтылыстары қайдан пайда болады? Өмірдің мәні не? Дәл осы философиялық сұрақтарға Pixar студиясы "Жан" анимациялық фильмі арқылы жауап беруге тырысқан. Ал 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматыда осы "Жан" фильмінің қазақ тіліне дубляждалған алдын ала көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оскар" сыйлығының иегері болған "Ойыншықтар хикаясы", "ВАЛЛ-И", "Жоғары" және "Басқатырғышты" жасаушы Питер Доктер ізденістегі адам жанының қызықты саяхаты туралы "Жан" атты жаңа фильмін ұсынды. Оқиға адамның жаны шабыт пен ұмтылыс қуатын алатын әлемде болады. Авторлар адам жанын кейіптеген, олардың ойы бойынша адамдарға шабыт беру үшін Жандарды даярлау орталығында жаттықтыру керек.

Реклама
Реклама

"Жан" фильмінің алғашқы көрсетілімі 2020 жылы Лондон кинофестивалі аясында өткен. Сыншылар өзінің атақты жұмыстарымен танымал болған студияның жаңа жобасын жоғары бағалады. Көптеген адам "Жан" фильмі Pixar-дың соңғы жылдардағы ең жақсы жобаларының бірі екеніне сенімді. Кино сарапшылары ондағы анимацияны, сюжет пен әзілге жоғары баға берді.

"Жан" қазақ тіліне дубляждалды, ол отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 36-шы фильм. Голливудтық киностудиялардың отбасымен бірге қарауға арналған фильмдері "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалады. Жобаға қазақстандық демеуші компаниялар қолдау көрсетеді. "Жан" – "BI Group" құрылыс холдингі демеуші болған 11-ші фильм. Серіктес - KINOPARK кинотеатрлар желісі. 

2020 жылдың желтоқсанында Disney студиясы америкалық кинотеатрларды айналып өтіп, мультфильмді Disney+ стриминг-сервисінде шығарды. Бұл сервис қолжетімсіз елдерде "Жан" кинотеатрларда көрсетіледі. Қазақстан кинотеатрларында фильм 21 қаңтардан бастап қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Nur Otan партиясы мен Kinopark компаниясының қолдауымен "Жан" фильмінің алдын ала көрсетілімдері өтті. Шараға Болашақ корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Бауыржан Байбек, BI Group компаниясының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, блогерлер, медиа-тұлғалар, "Болашақ" қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысты.    

"Мен бұл фильмнің премьерасына өте қуаныштымын. "Жан" - біз дубляждаған 36-шы фильм, Қордың барша қазақстандыққа тартқан тамаша сыйы. Не үшін таңғаларлық деп сұрайсыз ба? Өйткені фильмнің мәні тереңде жатыр, ол көрермендерді музыка, джаз әлемімен таныстырады және өмірдің мәні туралы, өмірден күн сайын рахат алып, бақытты болу туралы ой салады. Уақыт өте келе "Жан" шетелдік киноның қазақ тіліндегі классикасына айналады деп санаймын... Сонымен қатар қазақстандықтар үшін қазақ тіліндегі киноға тең қолжетімдітің өзектілігі әлі де сақталып келеді. Біз уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдау үшін осы мәселелерді барлық мүмкін алаңдарда көтеруді одан әрі жалғастырамыз", - деді "Болашақ" корпоратив қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

Дубляж актерлері кім?

Дубляж жобасының тарихында алғаш рет "Жан" фильміне кастингке қатысқан 20 актер тек Нұр-Сұлтан қаласынан болды. Соған қарамастан актерлер құрамы өз ісінің шеберлерлері болып шықты. Мысалы, басты кейіпкер Джо Гарднерді жобаның көптен бері қатысушысы, дарынды актер Дәурен Серғазин дыбыстады. Бұған дейін Дәуреннің даусымен "Алладин" фильміндегі Жын, "Арыстан патша" фильміндегі сурикат Тимон және Дисней студиясының басқа танымал кейіпкерлері сөйлеген болатын.

"Жан" – қаһарманы, оның үстіне басты кейіпкері афроамерикалық болған Pixar-дың алғашқы мультфильмі. Түпнұсқада басты кейіпкерді "Оскар"  және "Алтын глобус" сыйлықтарының иегері Джейми Фокс дыбыстады. Қазақ тілінде афроамерикалық актер Дәурен Серғазиннің даусымен сөйледі. Сонымен қатар дубляжға Данияр Сванкулов, Меруерт Ермекбаева, сондай-ақ театр және кино актрисасы Майра Омар қатысты.

Дубляж ерекшеліктері

Дубляж жасау кезінде ағылшын тіліндегі мәтін тек қазақ тіліне жай ғана аударылып қоймай, бейімделеді: түпнұсқа кейіпкерлеріне өзіне тән сөздер, әзілдер сөзбе-сөз емес, жергілікті мәдениеттің ерекшеліктерін ескере отырып аударылады. Мысалы, диалогтардың бірінде кейіпкер АҚШ-тағы әйгілі доктор туралы айтады. Бұл есім біздің көрерменге таныс болмағандықтан, оның есімі белгілі қазақстандық Димаш Құдайбергеннің есімімен алмастырылды.

Джаз – фильмнің рухы

Фильмнің музыкасын 2015 жылы "Әлеуметтік желі" фильмінің саундтрегі үшін "Оскар" алған Трент Резнор мен Аттикус Росс жазды.  Джаз композицияларының түпнұсқасын америкалық музыкант, тележүргізуші, Late Show тобының жетекшісі Джон Батист ұсынды. Барынша шынайы суретті жасау үшін, кейіпкер Джо Гарднердің саусақ қимылдарын дәл және нақты жеткізу үшін мультфильм жасаушылары көп камералы түсірілім жасап, Батист фортепианода қалай ойнайтынын жазған.

"Өмір ғажап" титрдегі әнді Mona Songz деген атпен аты шыққан қазақстандық танымал орындаушы Манарбек Жұматай орындады. Әртіс мұндай жобаға алғаш рет қатысып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная