"Оралман" фильмі "Тұлпар" киножүлдесінің алты премиясын жеңіп алды

Сурет "Қазақфильм" киностудиясы баспасөз қызметінен

?Р М?дениет ж?не спорт министрлігіні? тапсырысы бойынша Ш.Айманов атында?ы "?аза?фильм" киностудиясы т?сірген "Оралман" к?ркем фильмі ?лтты? "Т?лпар" кинож?лдесіні? алты аталымы бойынша же?імпаз атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Оралман" көркем фильмі ұлттық "Тұлпар" киножүлдесінің алты аталымы бойынша жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тұлпар" жүлдесінің марапаттау рәсімі кеше, 19 қыркүйекте Almaty Film Festival кинофестивалінің жабылу салтанатында өтті.

Реклама
Реклама

Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясының барлық мүшесі қатысқан жабық дауыс беру қорытындысы бойынша, "Оралман" картинасы үздік фильм болып танылды. Одан бөлек, фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков үздік режиссер, ал басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда үздік актер атанды.

Сондай-ақ, "Үздік сценарий" аталымы бойынша фильмнің сценарий авторлары Нұрлан Санжар мен Сәбит Құрманбеков марапатталды. "Үздік суретші" жүлдесі фильмнің қоюшы суретшісі Рустам Одинаевқа табысталса, "Үздік композитор» жүлдесі "Оралман" фильмінің музыкасын жазған Айдос Сағатовқа бұйырды.

Ал қалған жүлделер режиссер Ақан Сатаев түсірген "Она" фильміне табысталды. "Үздік актриса" номинациясында Айсұлу Әзімбаева жеңіске жетсе, "Үздік оператор" жүлдесімен Азамат Дулатов марапатталды.

Кинематография саласындағы ұлттық "Тұлпар" жүлдесін отандық кинематографты қолдау, мәдени ерекшелікті және ұлттық киноиндустрия негізін сақтау, жергілікті және халықаралық жұртшылық арасында қазақстандық үздік жұмыстарды насихаттау мақсатында құрылған болатын. Аталмыш жүлде кинематографияның және отандық киноның дамуына көрнекті үлес қосқан жетістіктері үшін берілетін кәсіби марапат болып табылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама