"Президент жауапты миссия жүктеді". ҰҚК туралы жаңа фильм шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

Бүгін, 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толды. Президенттің телерадиокешені ҰҚК қызметіне арналған жаңа деректі фильмді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толды. Президенттің телерадиокешені ҰҚК қызметіне арналған жаңа деректі фильмді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдың басынан бері ҰҚК реформасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мамырдың аяғында Мемлекет басшысы комитет құрылымын жаңарту, жекелеген бөлімшелер мен департаменттерді оңтайландыру туралы жарлыққа қол қойды.

Фильм кейіпкерлері - Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің қызметкерлері, қызмет ету ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Фильмде ең алдымен, мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алуға бағытталған ҰҚК жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Жаһандық күн тәртібі жағдайында арнайы қызметтердің жұмыс формалары мен әдістері өзгеріп жатыр. Бірақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығы, азаматтардың әл-ауқаты қашанда басым болып келген және солай болып қала береді.

Видеоны Президент телерадиокешенінің YouTube-арнасынан көре аласыз. Фильм республикалық телеарналар эфирінде де көрсетіледі:

  • "МИР" сағат 12.20
  • "Еуразия" сағат 14.00
  • "Ел арна" сағат 15.30
  • "Хабар 24" сағат 16.30
  • Аstana TV сағат 16.58
  • "Алматы" сағат 20.05
  • Qazaq TV сағат 20.15
  • "СТВ" сағат 20.25
  • "Хабар" сағат 20.30

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная