Қазақстан "Айка" фильмін "Оскарға" ұсына алмайтын болды

© REUTERS/Jean-Paul Pelissier

?аза?стан "Айка" фильмін "Оскар" ж?лдесіне ?міткер ретінде ?сыну?а р??сат ала алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?Р м?дениет ж?не спорт министрі Арыстанбек М?хамеди?лы м?лімдеді. 

Қазақстан "Айка" фильмін "Оскар" жүлдесіне үміткер ретінде ұсынуға рұқсат ала алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. 

"Сергей Дворцевой Қазақстанда туып, өскен, алайда ол өкінішке қарай, Ресей азаматтығын алған. Бас продюсерлердің бірі Қазақстан азаматы Гүлнар Сәрсенова, сонымен қатар фильмде Самал Еслямова түскен. Сол себепті біз фильмді қазақстандық дей аламыз. Біз "Оскар" жүлдесіне ұсынғанымызда өнімнің талап бойынша 50 пайызы біздікі болуы керектігін айтып, рұқсат бермеді", - деді министр.  

Мұхамедиұлы бұл халықаралық тәжірибе екенін және осыны дамыту қажеттілігін айтты. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, биыл мамырда қазақстандық әртіс Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған еді. 

"Айка" фильмі Қызғыстаннан келген жас қыздың оқиғасын баяндайды. Ол Мәскеуге заңсыз келіп, жұмыс істеп жүреді. Бір күндері ол жүкті болып, баланы перзентханаға тастап кетеді. Алайда уақыт өте келе ана сезімі оянып, Айка өз тастанды баласын іздей бастайды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама