Қазақстандық режиссер "Киношок" фестивалінің арнайы сыйлығын алды

© brod.kz

?аза?станды? режиссер ?лімжан ??дабаевты? фильмі "Киношок" фестивалі т?решілеріні? арнайы ж?лдесін же?іп алды. Сонымен ?атар, "?здік ер адам ролі" сыйлы?ын ?аза?станды? актер Владимир Толоконников алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кинофестиваль сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық режиссер Әлімжан Құдабаевтың фильмі "Киношок" фестивалі төрешілерінің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, "Үздік ер адам ролі" сыйлығын қазақстандық актер Владимир Толоконников алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кинофестиваль сайтына сілтеме жасап.

"Киношок" фестивалі 2-9 қыркүйек аралығында Анапа қаласында өтті. Әлімжан Құдабаевтың "Мараттың видеосы" атты қысқаметражды фильмі "Жастардың қазіргі проблемасын экранда тамаша көрсеткені үшін" атты арнайы жүлдені жеңіп алды.

Brod.kz сайтының мәліметінше, фильмде орта мектеп оқушылары жайлы баяндалады. Басты кейіпкер Марат туған күніне сыйлаған планшетке видео түсіреді. Нәтижесінде ролик жаңадан келген оқушы екеуінің арасында жанжалдың тууына себеп болып, бала қаза табады. Мараттың әкесі бар күшін салып, баласын жеткіншектерге арналған колониядан сақтап қалғысы келеді.

Реклама
Реклама

"Коношок" кинофестивалінің барлық жеңімпаздарының тізімін мына жерден көруге болады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама