Қазақстандық жас режиссер Ресейдегі конкурста бас жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жас режиссер Ресейдегі конкурста бас жүлде жеңіп алды @Vk.com

Қазақстандық студент Фархат Молдағали VIII Халықаралық студенттік режиссерлік жұмыстары конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Конкурсты РТӨУ театр өнері университеті ұйымдастырды.

Конкурсқа "Театр режиссурасы" мамандығының студенттері ғана қатыса алады. Олар 15-20 минутта "Сахна қақтығысы" тақырыбында өздері жасаған жұмыстарын таныстыруы керек болған.

24 жастағы Фархат Молдағали - Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы театр факультетінің  "Актерлік шеберлік және режиссерлік" кафедрасының төртінші курс студенті. Оның көркемдік жетекшісі Маман Байсеркеұлы. Фархат РТӨУ жүлдесін "Режиссерлік ойлаудағы энергия, темперамент және құмарлық" тақырыбындағы жұмысы үшін жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Ол қазыларға Оралхан Бөкейдің "Өз отыңды өшірме", Уильям Шекспирдің "Ричард ІІІ"  қойылымдарын көрсетті. Басты рөлдерде де академия студенттері Мадияр Төлегенов, Әлиасқар Үмбетов, Әсем Әбенова, Жасқайрат Валиуллаев пен Дәуір Анарбай ойнады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама