"Құпия материалдар" телехикаясының авторы жаңа жобаның тұсауын кеспек

Сурет: xfiles.cwx.ru

"Құпия материалдар" (Секретные материалы) телехикаясының авторы Крис Картер 2015 жылы After ("Кейін") деп аталатын жаңа телехикаяның тұсауын кеспек, деп хабарлайды "Газета.Ru".

Телехикаяның сюжеті бойынша ертеректе бір-бірімен мүлде таныс емес бір топ адамдар құпия болған апаттан кейін Лос-Анджелесте қалып қояды. Телехикаяның авторының айтуына қарағанда, оның бұл жобасына ақыр заманның бір көрінісі  бар деген пікір айтуды қаламайды. Қазіргі таңда жобаның сегіз сағаттық бір маусымы дайын. 

"Бірінші маусым сегіз сағаттан тұрады. Бірақ, менде телехикаяның 99 эпизоды бар. Мен бұл іске шындап кірістім", - дейді Картер. Ол сондай-ақ бұл телехикаяның идеясы тозақтың тоғыз сатысы айтылған Дантенің "Құдіретті комедия" шығармасынан тұратынын айтты. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, "Құпия материалдар" (Секретные материалы) телехикаясының алғашқы көрсетілімі 1993 жылдың 10 қыркүйегінде басталып, 9 жылдан кейін, яғни 2002 жылдың 19 мамырында аяқталды. Бұл уақыт аралығында телехикаяның 202 бөлімі түсірілген. Бұл хикая  "FOX" телеарнасының хиты болған. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама