ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2019 | 13:20
Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды
Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашевке және оның отбасына ұлы Ақназардың оқыс жағдайда қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Періштенің жаны пейіште шалқысын", - делінген киностудияның Facebook желісіндегі парақшасында.
© instagram.com/rustem_abdirash
Айта кетейік, Рүстем Әбдірашев 1970 жылы дүниеге келген, ол - қазақтың белгілі ақыны Жарасқан Әбдірашевтың ұлы. Оның Іңкәр, Әбілқайыр, Сәруар есімді балалары бар.
Әбдірашев Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін суретші-декоратор мамандығы бойынша, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының театрдекорация факультетін кинорежиссер мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2002) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
Рүстем Әбдірашев осыған дейін 10-ға жуық фильмге режиссерлік еткен. Оның ішінде: "Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаны", "Елбасы жолы. Теміртау", "Елбасы жолы. От-өзен", "Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Қазақ хандығы", 1-маусым, 10 серия (Көпсериалды тарихи сериал)".
"Балалық шағымның аспаны" - 2011 жылы режиссер Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркемфильмі, көпсериялы "Көшбасшы жолы" киноэпопеясының бірінші бөлімі.
Показать комментарии
Читайте также