"Рэкетир-2" фильмінің актері Дастен Шәкіров үйленді

© Жандос Айбасов

"Рэкитер-2" фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров отбасын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дастеннің өнердегі әріптесі Әсел Сағатова Instagram желісіндегі парақшасында сүйінші сұрап: "Актерлер тобы Дастеннің тойындамыз. Жас отбасыға бақыт тілейміз!", - деп жазды. Тойға Асылхан Төлепов, Жандос Айбасов сияқты белгілі актерлер қатысты. Дастеннің қалыңдығының есімі - Ботагөз. Ол бір апта бұрын ұзатылды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Дастен Шәкіров көрерменге "Жаным" телесериалы арқылы танымал болды. Ол 2015 жылдың мамыр айында көрсетіле бастаған "Рэкитер-2" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Актердің айтуынша, фильмдегі образы үшін ол 12 келі салмақ тастаған.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама