Ресейлік актриса қазақ атасын іздеп Қарағандыға келді
Беларусь пен Ресейдің белгілі актрисасы Янина Мелехова жақын туысын табу үшін Қарағандыға бейресми сапармен келді, - деп хабарлады "Новый Вестник".
Беларусь пен Ресейдің белгілі актрисасы Янина Мелехова жақын туысын табу үшін Қарағандыға бейресми сапармен келді, - деп хабарлады "Новый Вестник".
Алдын ала болжам бойынша, ол актрисаның туған атасы. Оның аты-жөні, кеншілер қаласының тумасы екені және оның қазақ екені анықталды.
Өткен ғасырдың 50-жылдары қарағандылық сарбаз Беларусь елінің Борисов қаласында әскери борышын өтеген. Белгісіз себептермен 1954 жылы жоғалып кетіпті. Содан бері одан хабар болмаған.
Актрисаның болжамы бойынша, қарағандылық сарбаз болашақта өзінен баланың туылатынын білмеген де (Янинаның әкесі - Авт.). "Туыстарының айтуынша, сарбаздың есімі Әлімбай Шахмұхамедов немесе Әлімбай Шахмұхамбетов. Бізде екі түрлі нұсқа бар", - деді Мелехова.
Актрисаның әкесінің туу туралы куәлігі берілгенде әкесінің аты жазылатын орында сызықша тұрған, бірақ Янинаның әжесі ұлының әкесінің аты болсын деп есімді өзі жазып қойған. Бәлкім ұялған шығар немесе расында "Әлімбайұлы" екенін жасырғысы келген, сөйтіп, туу туралы куәлікке баланың есімімен үйлестіріп, "Олегович" деп жаза салған.
Янина Мелехова әкесімен. © instagram/yanina_melekhova
"Менің есептеуім бойынша, атам қазір шамамен 90 жаста. Тірі болса жақсы еді. Ол 1955 жылы әскери борышын өтегеннен кейін Беларусь елінен Қарағандыға қайтты ма, жоқ әлде сол жақта қалды ма білмеймін. Бұл оқиғаның тағы бір қызық тұсы, әжем екеуінің арасында өте үлкен махаббат болған және одан кейін әжемде сүйікті адамы болмаған. Ол ұлын жалғыз өзі бақты және тұрмысқа шыққан жоқ. Адалдығын сақтағысы келген сияқты. Не болғаны және сарбаздың неліктен жоғалып кеткені туралы айту қиын", - деді актриса.
Қарағандыға жеткеннен кейін Янина бірден АХАТ-қа жол тартты. Ол жақтағылар актрисаға көмектесіп, мұрағатты ақтарған. Тексергеннен кейін әкесімен арадағы байланыс табылған, бірақ актрисаны әділет органдары мен әскери комиссариатқа жіберген.
"Менің аталарым қазақ және мен оған сенемін. Менің әкем қой көзді және қараторы, мен де қой көздімін. Әлімбай Шахмұхамбетов деген есімді ойдан шығару... Біз Астанада радиоға барамыз және сол жерде бұл жөнінде сөйлесеміз. Мен оны тапқым келеді және әкем де", - деді "Стиляги" фильмінің жұлдызы.