08 қараша 2016 | 15:51

Сәбит Құрманбеков Ауғанстаннан келген оралмандар жайлы фильмін таныстырды

Фильмнің кадры

Режиссер Сәбит Құрманбеков Ауғанстаннан келген оралмандар жайлы фильмін таныстырды. 8 қарашада Алматыда толықметраж көркем картинасының жабық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кинокартина 30-жылдары отанынан кетуге мәжбүр болып, ондаған жылдардан кейін оралғандар жайлы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Режиссер Сәбит Құрманбеков Ауғанстаннан келген оралмандар жайлы фильмін таныстырды. 8 қарашада Алматыда толықметраж көркем картинасының жабық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кинокартина 30-жылдары отанынан кетуге мәжбүр болып, ондаған жылдардан кейін оралғандар жайлы.

Сюжет бойынша, қазақ отбасы Ауғанстанда тұрады. Базарбай ақсақалдың балалары дүниеге келеді. Бірі ұл, бірі қыз. Олар ер жетіп, бой жетіп, өз отбасыларын құрады. Баласы жергілікті қызды алады. Қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Ұлы Сапарқұл мүджахидтердің жағында соғысқан. Уақыт өтіп, Базарбайдың отбасы көп күткен Қазақстанға көшуге квота алады. Сөйтіп, отбасы алыс жолға шығады. Ал тұрмысқа шыққан қызы сол елде қалуға мәжбүр. 

Реклама
Реклама

Кейін таулы аймақтармен ұзақ уақытқа көш жүреді. Сөйтіп, олар Қазақстан шекарасына дейін жетеді. Ақсақалдың арманы орындалады. Көші-қон полициясы оларға бағыттама беріп, отбасы Байқоңыр ғарыш айлағының маңындағы Төре-Там ауылына көшіп келеді. Мұнда олар үй салып, өмірді қайта бастауды ойлайды. 

"Біздің фильм Отан мен өз даласын жақсы көретін адам жайлы. Фильмнің авторы ретінде менің айтқым келгені - қазаққа Отан нан арзан жақта емес, кең тыныс ала алатын жерде", - дейді сценарий авторы, кинодраматург Нұрлан Санжар.  

Көрсетілім кезінде фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков бұл фильмді түсіру туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты. "Нұрлан Санжардың Отанға оралу жайлы сценариі түрткі болды, маған режиссер ретінде ой ұнады. Отанға қайтар жолды тозақтан жұмаққа оралу деп елестеттім, менің оралманым Ауғанстаннан Қазақстанға оралады".

Фильмді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түсірген. Фильмде бас рөлдерде Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова, Баян Қажнабаева және басқалар ойнаған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная